Коронавирус: Ұшақ пен пойызда шектеу шаралары жеңілдетілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жанар Оразалина көлік объектілеріндегі коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша шектеу шараларын жеңілдететін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құжатқа сәйкес, халықаралық әуежайлар мен теміржол вокзалдарының басшылары көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.

Тұрақты жолаушылар тасымалдарын (авиациялық, темір жол электр жылжымалы құрамдарын (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың және халықаралық әуежайлар мен теміржол вокзалдарының басшылары қызметкерлер мен жолаушылардың көлік құралдарында және халық көп жиналатын орындарда медициналық маскаларды пайдалануын ұсынуы қажет.

Көліктегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және тұрақты жолаушылар тасымалын (авиациялық, темір жол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар