Коронавирус: Үш өңір «қызыл», бес облыс «сары» аймақта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 24 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.



Соңғы жаңалықтар