+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Коронавирус: Украинада қоғамдық көлік тоқтап, оқу орындары жабылды

2021 жылғы 19 қазан 02:12
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Украинада қоғамдық көлік тоқтап, оқу орындары жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Украинада қоғамдық көлік тоқтап, оқу орындары жабылса, Латвия коменданттық сағат енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegtam-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың жаңа штамы әлемдік қаржы нарығына едәуір әсер етті Алматыда ковид ауруханалардағы төсек-орын саны қысқарды Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін 8 718 613 адам салдырды

Кипрде коронавирусқа қарсы препараттың бір дозасын ғана алғандар вакциналанбағандар қатарына жатқызылды. Ережені күшейтудің себебі аралда бір компонентпен шектелген 11 мың адамның анықталуы болды. Денсаулық сақтау министрлігі толық курспен салыстырғанда, вакцинаның бір дозасы вирустан толық сақтай алмайтынын мәлімдеді.

Украинаның бес облысында коронавирусқа байланысты эпидемиялық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Бұл Запорожье, Одесса, Донецк, Днепропетровск және Херсон облыстары. Қызыл аймақта қоғамдық көліктер, сауда орталықтары, тамақтану орындары жұмысын тоқтатады, оқу орындарына баруға тыйым салынады.

Латвия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елде қатаң локдаун енгізуге шақырды. Даниэльс Павлютс алты сағатқа дейін қысқартылған жұмыс күнін енгізуді және 19:00-ден 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, кез келген спорттық, ойын-сауық, мәдени, әуесқойлық, қоғамдық, діни және сауықтыру жиналыстарын шектеу ұсынылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT