+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Коронавирус: Түркия күзге дейін өз вакцинасын жасап шығарады

2021 жылғы 7 мамыр 22:10
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Түркия күзге дейін өз вакцинасын жасап шығарады

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина биыл күзде толық дайын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 2 676 299 адам коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін салдырды Коронавирусқа қарсы отандық екінші вакцинаның сынақ нәтижесі қашан белгілі болады Вакцинация міндетті болғанда нақты көрсеткішті атар едік - Цой

Бұл жайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы брифингте айтты.

«Түркияда коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина жасау жұмысы белсенді жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек-қазан айларына дейін осы жұмыстың нәтижесін көреміз деген ниет бар» деп атап өтті түрік көшбасшысы.

Оның айтуынша, отандық вакцина Түркиядағы сұранысты ғана жауып қоймай, басқа елдерге де таратылады.

«Анкара сұраныс жолдаған әлемнің кез келген еліне вакцина жеткізуге дайын» деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен ресейлік Спутник V вакцинасын сатып алу жайын талқылаған болатын.

«Бұл жерде әңгіме Түркияға жеткізілетін екпенің өте қомақты көлемі жайында болып отыр. Сосын біз Түркияда бірлескен өнеркәсіпті іске қосамыз» деп түйіндеді сөзін Ердоған.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Түркияда Спутник V вакцинасының өндірісі іске қосылатынын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT