Коронавирус: Түркістан облысында қазақстандық вакцина салына бастайды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 15 ақпаннан бастап Қазақстанда шығарылған «QazCovid-In» екпесі кезең-кезеңмен егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вакцинация науқанының келесі кезеңінде отандық екпені қолдану жоспарланып отыр. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды.

Өңірде коронавирус індетіне қарсы екпе салу жұмыстары 20 емханада жүргізіліп жатыр.

Вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары жеткілікті. Бүгінде Covid-19 қарсы вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы.

Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.

Коронавирус вакцинасын екі кезеңмен 21 күн аралығында жасау міндетті.

Оған себеп, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді.


Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

«Sputnik V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға жасауға болмайды, оны Қазақстан Республикасының 60 жасқа дейінгі ересек азаматтары салдыра алады.

Қазақстанда вакцинация ерікті. Елімізде егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

Вакцина салдыратын кезде азаматтар толық дәрігерлік тексеруден өтеді және келесі үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.


Соңғы жаңалықтар