+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Коронавирус: Түркістан облысында 137 мыңнан аса адам вакцина салдырды

2021 жылғы 4 мамыр 16:06
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Түркістан облысында 137 мыңнан аса адам вакцина салдырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы 137 мыңнан аса адам COVID-19 індетіне қарсы екпе салдырған. Соңғы тәулікте 6680 адам вакцина қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Франция мен Германияда жас-кәрісіне қарамастан бүкіл халыққа вакцина салынады Батыс Қазақстанда 52 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды Коронавирус: Алматыда вакцина салдырғандар саны 200 мыңнан асты

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, екпе қабылдағандардың ішінде 21 414 - медицина қызметкерлері.

Қалғаны - 38 508 педагог пен құқық қорғау органдарының 6139 қызметкері.

Бұдан бөлек өзге топтағы 47 238 тұрғын бар.

Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 28 315 адам егілген.

Айта кетейік, Түркістан облысының 934 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған.

Енді өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat Vax вакциналарын қабылдай алады.

Жаңадан жеткізілген Hayat Vax вакцинасы - қытайлық технологиямен өндірілген араб вакцинасы.

Ал, эпид ахуалға қатысты соңғы тәулікте аймақта 34 адамнан COVID-19 індеті анықталған.

Тәуліктік өсім - 0,61%. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 679 899 ПТР-сынамалары алынған.

Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3766 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар болса, оның жартысынан астамы науқастарға толған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT