+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Коронавирус туралы байбалам салмаған жөн - Vox

2020 жылғы 8 ақпан 14:27
Бөлісіңіз:
Коронавирус туралы байбалам салмаған жөн - Vox

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Адамдардың коронавирустан қорқып жатқанын түсінуге болады. Бірақ байбаламға ерік бермеген жөн, деп жазады ҚазАқпарат Vox басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

«Вирус туралы көп нәрсе білмейміз. Соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 24 мыңнан асты. Қытайдан тыс жерлерде де анықталып жатыр. Жаңалықтар легі халықтың үрейін тудырып жатқаны түсінікті. Бірақ коронавирус туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Ал тұмау- алаңдауға тұратын вирус», деп жазады басылым.

Washington Post газеті де коронавирусқа қарағанда тұмаудың қауіптірек екенін жазып, мамандар пікірін жариялады. Ал Ақ үйдің денсаулық сақтау саласы бойынша бұрынғы кеңесшісі америкалықтардан байбалам салуды тоқтатуды сұрады. Эпидемиологтар да коронавирусқа қарағанда тұмаудан қайтыс болатындар да көп екенін айтқан.

«Байбалам салу дұрыс емес. Бұл адамның салқынқанды шешім қабылдауына кері әсер етеді. Тіпті, дұрыс емес әрекеттерге баруға итермелеуі мүмкін», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, денсаулық сақтау саласында коронавирустан да маңызды проблемалар баршылық.

Мамандардың айтуынша, коронавирусқа байланысты алаңдауға еш себеп жоқ. Ал халықтың байбалам салып, үрейленуіне ақпараттандырудың дұрыс болмауы әсер етіп жатыр. Тіпті, коронавирустан гөрі қызылша ауруының да қауіптірек екені белгілі. Ал көпшілігі балаларына вакцина салудан бас тартып жатыр.

«Жаңа инфекциялық аурулар қорқынышты. Ал вирус туралы жазылатын дәлелсіз ақпараттар одан да қорқынышты», деп жазады автор.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT