Коронавирус: Токиода қауіп деңгейі ең жоғары белгіге көтерді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Токио коронавирусқа байланысты қауіп деңгейін ең жоғары белгіге көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

Токио билігі қалада 165 адам коронавирус жұқтырғаннан кейін тұрғындарды барынша абай болуға шақырып жатыр. Токиода жетінші күн қатарынан коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркеліп жатыр. Айта кетейік, 25 мамыр күні елде төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін Токиода аурука шалдығу саны өсіп жатыр.

Жапония астанасы төрт күн қатарынан 200-ден астамның COVID-19 жұқтырғанын тіркеді. Медицина сарапшылары 8 354 адам індетке шалдыққаннан кейін қауіп деңгейін ең жоғары төртінші деңгейге дейін көтеруді ұсынды.

Алайда, елдің Ауруды бақылау және алдын алу орталығының өкілі бұл жағдай коронавирустың «екінші толқыны» емес деп есептейді. Себебі, наурыз мен сәуір айларымен салыстырғанда елде ауыр халде жатқандар саны әлдеқайда аз.


Соңғы жаңалықтар