Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарға тағы 15 медицина қызметкері барады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі стационарға тағы 15 медицина қызметкері барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова мәлім етті.

«Теңізшевройлдан» инфекциялық стационардың төртінші блогының​ ашылатыны туралы хат келді. Қазір Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационардың үш блогы жұмыс істеп тұр. Өткен аптада бұл стационарға 8 медицина маманы жіберілді. Енді тағы 15 медицина қызметкерін жіберу жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 дәрігер, 7 мейірбике, 7 кіші буын қызметкері бар. Бүгінгі күні кен орнындағы инфекциялық стационарда 23 медицина маманы қызмет көрсетуде» дейді Нина Оспанова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде бір тәулікте 42 жұмысшы індет жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар