Коронавирус: Теңіз кенішінде стационардағы науқастар саны 400-ге жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда ем алып жатқаннауқастар саны 400-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы расталған. Науқастардың арасында Атырау қаласынан 12 адам бар. Бұған қоса Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 3, Индерде – 4, Құрманғазы ауданында 5 адамның қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды. Ал, Теңіз кенішінде 31 жұмысшы коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 19 науқаста қауіпті індеттің симптомды түрі анықталған.

«Қазір 220 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 102

науқас, ал, аудандардағы стационарларда 18, Теңіз кенішіндегі стационарда 400 пациент

ем қабылдауда. Өткен тәулікте 83 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты», -

деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 764 науқас емделіп жатқанын жазған

болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар