Коронавирус: Теңіз кенішінде бір тәуілікте 42 жұмысшы індет жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында Теңіз кенішінде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 42 жұмысшы жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус инфекцясы ПТР-тест арқылы расталған.

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішіндегі 42 жұмысшыдан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрінде ауру симптомсыз, бір науқаста симптомды түрде өтуде. Індет жұқтырғандардың біреуі медицина маманына өз еркімен жүгінген» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәуікте 11 пациент қауіпті індеттен сауығып шыққан. Қазір коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 11401 адамға жетті.

Облыстық инфекциялық стационарда 38, аудандардағы стационарларда 5 (Индерде 3, Қызылқоғада 2), ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 174 науқас жатыр. Үй жағдайында 164 пациент ем қабылдауда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі науқастар саны 102 адамға жеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар