Коронавирус: Тбилисиде жерасты өткелдеріне дезинфекция жасалып жатыр

None
None
ТБИЛИСИ. НОВОСТИ-ГРУЗИЯ - ҚазАқпарат – Тбилисиде түнде 54 жерасты өткеліне «Тбилсервис групп» компаниясы дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы қала мэриясы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Новости-Грузия-ға сілтеме жасап.

Дезинфекцияны астана мэрінің тапсырмасы бойынша коронавирустың алдын алу мақсатында жүргізді. Оған антисептикалық ерітінділер қолданылды.

«Тбилсервис групп» компаниясының басшысы Ромео Микаутадзенің мәлімдеуінше, жерасты өткелдеріне қажет болған жағдайда таяу күндері тағы дезинфекция жүргізілмек.

Кеше Тбилисиде қоғамдық көліктерде, мектептер мен балабақшаларда жаппай дезинфекция басталды. Мектептерді дезинфекциялау үшін 10 түрлі құрал қолданылды.

Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша, Грузияның мемлекеттік мектептерінде 2-16 наурызда көктемгі демалыс жарияланып, ол уақытта дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Еске салайық, 2 наурызда Грузияда үш адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде екі ер адам Иранда болса, жас келіншек Италиядан келген.


Фото: tbilisi.gov.ge
Соңғы жаңалықтар