Коронавирус: Стационарларда 2 мыңға жуық науқас жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырғандарға қатысты 29 қыркүйектегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін де тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап келеді.


Соңғы жаңалықтар