Коронавирус: Словакия төтенше жағдай режимін енгізді

None
None
ПРАГА. ТАСС – ҚазАқпарат – Словакия билігі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 1 қазаннан бастап 45 күнге төтенше жағдай режимін енгізеді. Бұл турлы ТАСС агенттігі ТАЗ братислава телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Мәлім етілгендей, заңға сәйкес, министрлер кабинеті Төтенше жағдай режимін одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 90 күнге дейінгі мерзімге енгізе алады. Словакия Премьер-министрі Игор Маточич аталмыш шешімге түсінік бере отырып, бұл шара күрделеніп келе жатқан эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.

И.Маточич елде биылғы 16 наурыздан 14 маусымға дейін төтенше жағдай режимі болғанын еске салды. Бұл, коронавирус пандемиясының бірінші толқынын сәтті еңсеруге ықпал етті.

Пандемия басталғалы 5,5 млн халқы бар Словакияда коронавирус 10 141 адамнан анықталды. Оның ішінде 4 395-і жазылып шықты, 48 науқас көз жұмды.

Өткен бір тәулікте аталмыш елде індетті жұқтырған 567 адам тіркелді. Бұл, оның алдыңғы күнмен салыстырғанда 336-ға көп.


Соңғы жаңалықтар