+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Коронавирус: СҚО-да мессенджер арқылы жалған ақпарат тарап жатыр

2020 жылғы 5 сәуір 12:49
Бөлісіңіз:
Коронавирус: СҚО-да мессенджер арқылы жалған ақпарат тарап жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында WhatsApp мессенджері арқылы аудан тұрғындарына қауіпті екпе ұсынылып жатқаны туралы хабарлама тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарламада солтүстікқазақстандықтарды ешкімге есік ашпауға, әсіресе вирустық инфекцияға тест жасап, екпе қоямыз деп келетін дәрігерлер мен полицейлерді үйге кіргізбеуге шақырған. Тараған мәтін бойынша, бұл екпе адам өмірі үшін қауіпті.

«Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті ресми түрде мәлімдейді: бұл жалған ақпарат. Полиция пәтерлерді тексеретін дәрігермен бірге жүрмейді, олар төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. ТЖ уақытында тәртіп сақшылары тәулік бойы блокпосттарда тұрып, коронавирус инфекциясы ошақтарын қорғайды», - деп мәлім етті полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Полицейлер тұрғындарды тек ресми дереккөздер таратқан тексерілген ақпаратқа ғана сенуге және бұқаралық ақпарат құралдарын күмәнді хабарламаларды таратпауға шақырады. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT