+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Симптомсыз коронавирусты үйде емдеуде қандай қателіктерге жол бермеу керек

2020 жылғы 8 шілде 13:22
Бөлісіңіз:
Симптомсыз коронавирусты үйде емдеуде қандай қателіктерге жол бермеу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева короновирус инфекциясы бар симптомсыз және симптомы аз науқастардың үйде емделу жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясының симптомы аз немесе симптомсыз науқастар үйде емделуі керек. Әрине, олар өздігінен ем қабылдап жатыр және дәрігерлер мұндай науқастардың ем-домын реттеп отыруы керек. Коронавирустың симптомы аз түрі патогенетикалық емдеуді, дәлірек айтқанда вирусқа қарсы, антибактериялық, тромбқа қарсы препараттар тағайындауды қажет етпейді. Мұндай пациенттер емдеу-сақтану режимінде ақуызы көп тамақ жеп, сұйықтықты көп ішуі керек. Оларға С, Д дәрумендері және дене қызуы көтерілген жағдайда Парацетамол, Ибупрофен сынды қызу түсіретін дәрілер тағайындалады», - деді дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Оның айтуынша, С дәруменінің үлкен дозасы тағайындалған жағдайда, бүйрек ауруларының, несеп-тас ауруының күшеюі мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.

Егер дене қызуы 38 градустан асқанда, бұлшықет ауырып, әлсіздік байқалса, бас ауырып, жөтел пайда болса, кеуде тұсы ауырса дәрігерге жүгініп, өкпе қабынуының алдын алу керек. Ол үшін көкірек қуысына рентгенологиялық зерттеу немесе компьютерлік томография жүргізіледі.

«Коронавирус инфекциясындағы этиотропты (негізгі) ем – вирусқа қарсы препараттар тағайындау. Қазіргі уақытта КВИ емдеу үшін Лопинавир/Ритонавир, Гидроксихлорохин, Фавипиравир және Ремдесевир сынды дәрілік заттар жазылады. Бұл ретте аталған дәрілердің белгілі бір қауіп төндіретінін, жүрек пен бауырға уытты әсер ететінін атап өткен жөн. Осыған байланысты симптомы аз және симптомсыз науқастарға бұл дәрілерді өздігінен қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл препараттарды дәрігерлер ғана стационарлық жағдайда бере алады», - деді Раушан Қарабаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT