Коронавирус: Сиднейдің 12 ауданында коменданттық сағат енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сиднейде COVID-19 науқастары санының өсуіне байланысты карантин бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 23 тамыздан бастап күшіне енетін жаңа шектеулердің ішінде мегаполистің 12 ауданында 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі және үйден тыс жерде маска кию талап етіледі.

Черногория эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шетелдіктердің елге кіру шарттарын қатаңдатты. Сондай-ақ, елде ашық аспан астында 50-ден астам ересек адамның жиналуына тыйым салынды.

Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік санының өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Жапонияда 25 155 жағдай, Малайзияда 23 564 жағдай, Филиппинде 14 895 жағдай анықталды.


Соңғы жаңалықтар