+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Коронавирус: Шымкенттегі стационардың бірінен соңғы науқас жазылып шықты

2020 жылғы 29 тамыз 02:29
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Шымкенттегі стационардың бірінен соңғы науқас жазылып шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен коронавирус инфекциясына шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты. Бүгінге дейін бұл орталықта 400-ге жуық адам ем қабылдап, дертінен айыққан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мақпал Тастанова есімді науқас Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Тексеру барысында оның екі жақты вирусты пневмонияға шалдыққаны анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Уақыт өте келе көпбалалы ананың денсаулығы жақсарып, арнайы стационардан шығарылды.

«Орталықтың барша дәрігеріне алғысым шексіз. Балаларымды қатты сағындым. Енді отбасыммен аман-есен қауышатын болдым», - дейді ол.

Айта кетейік, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы жұқпалы дерт өршіген тұста прозизорлық стационар ретінде науқастарды қабылдай бастады. Ендігі медициналық ұйым штаттық режимдегі жұмысын жалғастыратын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT