Коронавирус: Шымкентте 7 мыңға тарта адамға ерікті түрде вакцина салынған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 7 мыңға тарта адамға ерікті түрде вакцина салынған. Екпе қабылдағандардың қатарында медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары, ұстаздар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін 4301 медицина қызметкері мен 2101 педагог екпе салдырған.

Ал, 161 полиция қызметкері мен 299 басқада санаттағы азамматтар вакцина қабылдауға келіскен.

Қазіргі таңда инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 21 емдеу мекемесінде жүргізілуде.

Бұған қоса наурыз айының соңына дейін қосымша 10 бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында вакцинация жасау үшін арнайы кабинеттер ашылмақ.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, БМСК ұйымдарының 450 медицина қызметкері үшін вакцинация мәселелері бойынша тренинг семинарлар өткізді.

Бұдан бөлек, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, вакциналауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ адамдар жіберіледі.

Екпе қабылдамас бұрын әр адам міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар