Коронавирус: ШҚО халқының 85 пайызға жуығы вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 29 қазандағы жағдай бойынша өңір жұртшылығының 84,5 пайызы COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Ал вакциналау процедурасын толық аяқтағандар үлесі – 75,2%-ды құрап отыр.

«Облыста вакцинаның екі компонентін алған тұрғындар саны бойынша Үржар (жалпы тұрғындар санының 98,1 пайызы), Бесқарағай (96,4%) және Зайсан (95%) аудандары алдыңғы қатарда тұр. Ал ең төменгі орында Өскемен қаласы (65,7%) мен Глубокое (63,4%), Шемонаиха (58,7%) аудандары тұр», - делінген ақпаратта.

Соңғы тәулікте өңір бойынша 120 адам коронавирусқа шалдыққан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының «қызыл» аймаққа өткендігін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар