Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 53 адам емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 53 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар азайып келеді.

«Соңғы тәулікте бірде бір адам қауіпті дертке шалдықпады. Ал 2 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 53 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 4,5 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 18 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар