Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 400-ге жуық адам емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 17,9% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 129 адам тіркелді. Оның ішіндегі 103 науқаста симптом бар болса, 26 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 57 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 389 науқас ем-дом қабылдап жатыр. 2 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 17,9 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 2 498 адамның коронавирусқа шалдыққаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар