Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 300-ден астам адам емделуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 300-ден астам адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелді. Оның ішіндегі 11 науқаста симптом бар болса, 1 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 7 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 9 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 346 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 16,7% құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырған тағы 543 адамның жазылып шыққан хабарланған.


Соңғы жаңалықтар