Коронавирус: ШҚО-да стационарлардағы төсек қорының жүктемесі – 15,7%

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында стационарлардағы төсек қорының жүктемесі 15,7%-ды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте өңір бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы тіркелді. Ал 61 адам вирустан емделіп шыққан.

«Облыс бойынша 8 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Стационарлардағы жалпы төсек қорының жүктемесі – 15,7% құрап отыр.

Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстанда барлығы 48 451 адам жұқпалы дертпен ауырған. Жазылып шыққандар саны – 34 532 адамды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да вакцина салдырғандар саны 900 мыңға жуықтағанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар