Коронавирус: ШҚО-да мәдени шаралар кейінгі шегерілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі әлемде коронавирустың таралуына байланысты тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін көп адам шоғырланатын шараларды шегеруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс әкімі аппараты басшысының қолы қойылған ұсынымхат барлық мекемелер мен кәсіпорындарға жіберілген», - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Базарова.

Осыған орай ШҚО Драма театрында 9 наурызға дейін жоспарланған қойылымдар өтпейтін болды. Бұл жайлы мәдениет ордасының ресми сайтында жарияланған.

«Эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында 4-9 наурыз күндері аралығына жоспарланған қойылымдар кейінге шегерілгенін хабарлаймыз. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билеттерді театр кассасына өткізулеріңізге болады, - деп хабарлады Театр әкімшілігі.

Сондай-ақ ШҚО Өнер музейіндегі және А.Пушкин атындағы облыстық кітапханадағы шаралар кейінге қалдырылған.


Соңғы жаңалықтар