+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Коронавирус: Семейде оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу тоқтатылды

2021 жылғы 15 қазан 20:50
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Семейде оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу тоқтатылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы коронавирус: 11өңір - «жасыл» аймақта Өткен тәулікте 597 адам коронавирус індетінен сауықты Қазақстанда өткен тәулікте  695  адам коронавирусқа шалдыққан

Оның айтуынша, Семейдегі білім ордаларында эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Мектепте барлық карантиндік талаптар сақталған. Егер оқушылардың бірінен коронавирус анықталса, онда сынып түгелдей қашықтан оқытуға көшірілуде. Дезинфекциялау жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйектен бері 25 автобус оқушыларды мектепке тасып отырған. Енді алдағы дүйсенбіден бастап балалар өздігімен баратын болады. Қоғамдық көліктер қайта қалалық маршрутқа оралады», - деді ол.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында шаһар «қызыл» аймаққа енді. Соған орай 3 мыңнан астам оқушыны көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Семейде тұрғындарды вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 213 мың адам вирусқа қарсы екпе салдырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT