Коронавирус салдарынан қонақүйге келушілер саны екі есеге қысқарған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қонақүй, демалыс үйлері, мотель және сол секілді басқа да орындардың қызмет көрсетуі 47,4 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 48,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат RANKING.KZ порталына сілтеме жасап.

Сектордағы ӨӨИ (Өнеркәсіптік өндіріс индексі) екі есеге қысқарып, бар болғаны 50,2%-ға жеткен.

Былтырғы жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 92,1 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,6%-ға асып түскен болатын.

Орналастыру орындары бойынша қызмет көрсетудің төрттен бірі Алматыға тиесілі: үш тоқсанда 11,5 млрд тг, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе аз. Үздік үштіктің қатарында елорда (8 млрд тг, минус 58,5%) мен Ақмола облысы (4,5 млрд тг, минус 22,9%) бар.

Солтүстік Қазақстан ең аз қызмет көрсеткен облыс: 450,7 млн тг, жылына минус 53,4%.

Жыл басынан бері қонақүй, мотель, кемпинг, туристік базалар және басқалары 2,6 млн адамды қабылдаған. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 47,5% аз.

Қонақтардың көбі мейрамханасы бар қонақүйлерге тоқтаған: 1,1 млн адам, жылына минус 48,1%. Тағы 799,1 мың адам мейрамханасы жоқ қонақүйлерді таңдаса, 437,7 мың адам бір қабатты бунгало, саяжай, коттедж бен пәтерлерге тұрақтаған. Қонақүй нөмірлері 19,3%-ға толған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 27% болған.

Бір төсек-орынның орташа бағасы – 7,6 мың теңге, жылына 7,7%-ға қымбаттаған.

2020 жылдың қарашасы бойынша қонақүй қызметінің бағасы 1,8%-ға ғана өскен. Баға Павлодар облысында айтарлықтай артқан: жылына 16,3%. Сондай-ақ алты өңірде бағалар 1,2-6,7% аралығында өскен. Атырау облысында баға, керісінше, 7,4%-ға төмендеді. Басқа өңірлерде өзгеріссіз қалды.

Алдағы мерекелерде шамамен 10 мың қазақстандық жылы аймақтарға жолдама сатып алған. Түркия, Египет пен БАӘ сынды танымал бағыттарға енді Мальдив аралдары қосылды.

Күзде 24 мың қазақстандық шетелде демалды. Тамыздан бері Қазақстан азаматтары шетелге 42 мың жолдама сатып алған. Олардың жартысынан көбі саяхатқа күз мезгілінде аттанған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.


Соңғы жаңалықтар