Коронавирус: Ресейде барлық футбол жарыстары тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей футбол одағы елде барлық футбол жарыстарының тоқтатылғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәскеуде Ресей футбол одағы атқару комитетінің бюро мәжілісінде осындай шешім қабылданды.

Ресей футбол одағының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, коронавирус жұқпасының таралу қаупіне байланысты барлық футбол додалары биылғы 17 наурыздан 10 сәуірге дейін тоқтатылды. Бұған Ресей футбол одағы, сондай-ақ лигалар, өңірлік футбол федерациялары мен олардың бірлестіктері ұйымдастырып, өткізіп жүрген жарыстар кіреді.

Айта кетейік, футболдан Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін бірнеше клубта қазақстандықтардың ойнайтыны белгілі. «Ростовтың» намысын жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов қорғаса, биыл «Орынборға» Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Исламбек Қуат ауысқан болатын. Ал Акмаль Бақтияров «Сочиде» жүр.


Соңғы жаңалықтар