Коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды – министрлік

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирусты бір тәулікте тағы 114 адам, коронавирус белгілері бар пневмонияны 3 адам жұқтырды. Коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды.

Жалпы осы күні коронавирус инфекциясынан –1 214 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 197 (КВИ-), барлығы 1 411 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар