Коронавирус пневмониясы: Елімізде 80 адам емделіп шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан елімізде 80 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«5 желтоқсанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы және 4 адам өлімі тіркелді. Оған қоса 80 адам емделіп шықты. 2020 жылы наурыздан бастап барлық ауырғандар саны – 82 982, 5 167 өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 74 689-ға жетті», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар