Коронавирус, пневмония статистикасын біріктіру арқылы жағдайды дұрыс бағалаймыз - Айгүл Соловьева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Осыған орай Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басшысы Айгүл Соловьева пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен осы қабылдаған шешімге қолдау білдіретінімді айтқым келеді. Біз айнаға қарап, шындыққа жанаспайтын образдар қалыптастырамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасаған жаңа кодтарға сәйкес жаңа шешімге келгеніміз дұрыс болды. Бұрын да ДДСҰ-ның ұстанымын ұстадық қой, бірақ коронавирус инфекциясы - әлемде болған жаңа құбылыс. ДДСҰ-да уақыт өткен сайын жетіле түсетіні сөзсіз, сол себепті де осы кодтар енгізілді. Енді ол ұйым мәселені шешу жолдары турады кеңес береді деп сенеміз», - дейді Айгүл Соловьева.

Оның айтуынша, коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіру жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

«Еуропалық денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар бойынша аймақтық директоры Дорит Ницан азаматтарға қорқып, дүрбелең туғызуға болмайтынын айтты. Бұл шынайы өмірде болып жатқан оқиға көрінісі. Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде жағдайды бірлесіп шешу үшін халықаралық ұйыммен байланысқа шыққан ел болды. ҚР Президенті түнде өз ойын айтты, ал келесі күні осы ақпарат шықты. Яғни жағдайды талқылап, нәтиже шығарды. Президенттің тапсырмасына осындай жылдамдықпен назар аударғанда көп нәрсе уақытылы шешілер еді. ҚР Денсаулық сақтау министрін осы мәселеге жедел назар аударғаны үшін қолпаштауға болады. Олар бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп беретін халықаралық сарапшыларды іске қосты», - дейді ол.

Еске сала кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Бүгін Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні хабарланды.
Соңғы жаңалықтар