Коронавирус: Pfizer вакцинасы мұздатқышта бүлінбейді, Израиль халықтың жартысына екпе жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы бірден екі вакцина бұдан да қолжетімді әрі қолданыста ыңғайлы болуы тиіс.

Америка билігі Pfizer өндірген препаратты жоғары деп саналған бұрынғы температурадан салқындау жағдайда сақтауға болатынын, ал Johnson & Johnson шығарған, бірінші екпеден кейін толық қорғанысты қамтамасыз ететін жаңа вакцинаның көп ұзамай АҚШ пен Еуроодақта лицензия алатынын мәлімдеді. Израиль өз тұрғындарының жартысынан көбіне екпе жасағанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталған уақыттан бері коронавирусқа шалдыққан адамдардың жалпы саны 113,1 млн адамды құрап отыр, дерттен 2,5 млн жуық адам қайтыс болды. Сонымен бірге, соңғы апталарда инфекцияның таралу қарқыны төмендеп келеді: жаңа оқиғалар, ауруханада жатқан пациенттердің саны азаюда. Олай болғанымен, сарапшылар Covid-19 вирусының бұдан да жұқпалы әрі вакцина толық қорғай алмайтын жаңа штамдарының қаупі туралы ескертіп жатыр.

Pfizer-BioNTech вакцинасы кәдімгі мұздатқышта Цельсий бойынша 20 градус төмен температурада екі аптаға дейін сақтала алады, деп мәлімдеді бейсенбі күні Американың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасын қадағалау басқармасынан. Бұған дейін бұл вакцина пайдалы қасиетін тек Цельсий бойынша минус 70 градус температатурада сақтайды деп саналған. Бұл арнайы күрделі жабдықтардың болуын қажет етіп, оның тасымалдануы мен таратылуын қиындатқан еді.

АҚШ пен Еуропада адамдардың көбі Covid-19 вирусына қарсы осы вакцинаны салдыртып жүр. Әлемде кеңінен таралған басқа препараттар – Оxford/AstroZeneca, Moderna, ресейлік «Спутник V» және қытайлық Sinovac.

Израиль өз тұрғындарының жартысына екпе салдыртты, соның ішінде 35 пайызына вакцина екінші рет егілді, деп хабарлады жұма күні Израильдің денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн. Ел халқының саны 9,3 млн адамды құрап отыр.

Иммундау саны бойынша пайыздық қатынаста Израиль әлем бойынша бірінші орында тұр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху наурыз айының соңына қарай 16 жастан асқан барлық израильдықтарға екпе жасап, сәуірдің басында карантин шектеулерін біртіндеп алып тастауға уәде етті.


Соңғы жаңалықтар