Коронавирус пен пневмониядан тағы 12 науқас көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 27 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 11 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 4 науқас.

Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар