Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 30 науқас қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 25 қазан күні Қазақстан аумағында 26 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 10 науқас.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Павлодар облысында - 2, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Түркістан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар