Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 150-ге жуық адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 2 тамыз күні Қазақстан аумағында 124 адам - коронавирустан, тағы 25 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 33 науқастан.

Алматы қаласында - 17, Шымкент қаласында - 16, Қарағанды және Павлодар облыстарында - 7, Ақмола облысында - 10, Ақтөбе облысында - 11, Алматы қаласында - 11, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында - 5, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында - 4 адамнан қайтыс болған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан адам шығыны болған жоқ.




Соңғы жаңалықтар