Коронавирус пен пневмониядан 28,5 мың адам емделіп жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 28 247 (КВИ+) науқаста коронавирус инфекциясы, 284 (КВИ-) науқаста коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.

Барлық пациенттердің 1 466-сы стационарда, 27 065-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 37 адамның жағдайы ауыр;

- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар