+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Коронавирус пандемиясына байланысты Канн фестивалі жазға қалдырылды

2021 жылғы 28 қаңтар 00:51
Бөлісіңіз:
Коронавирус пандемиясына байланысты Канн фестивалі жазға қалдырылды

ПАРИЖ. ТАСС. ҚазАқпарат – Канн фестивалі биылғы жазда өткізіледі. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, іс-шара шілденің 6-17 аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы коронавирус: 11өңір - «жасыл» аймақта Өткен тәулікте 597 адам коронавирус індетінен сауықты Қазақстанда өткен тәулікте  695  адам коронавирусқа шалдыққан

Әуелде фестиваль, жылдағыдай 11-22 мамыр аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын.

«Өткен жылдың күзінде Канн фестивалін өткізу мерзімі әлемдегі санитарлық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екендігін хабарлағанбыз. Осылайша, Канн онкүндігі алдын ала жоспарлағандағыдай 11-22 мамыр аралығында емес, 2021 жылдың 6-17 шілдесінде өтеді»,-делінген мәлімдемеде.

2020 жылы әйгілі фестивальді өткізу уақыты пандемияға байланысты өзгертілді. Алайда, көрермендер назарына ұсынылуы тиіс көрсетілімдердің бір бөлігі өзге фестивальдер мен кинотеатрлардағы тақырыптық қойылымдар барысында көрсетілді. 2020 жылы іс-шара вирусқа қарсы қатаң шараларды ұстана отырып, Берлин мен Венецияда ұйымдастырылды.

Биылғы жылы фестивальді Бердинде ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу мерзімі өзгергенін айтты. Сондай-ақ конкурстық көрсетілімдердің онлайн өтетіні, ал көрермендер қатысатын шаралардың мамыр айында өтетіні мәлім болды.

Айта кетейік, өткен жылы пандемияның шарықтау шегіне жеткен кезінде Канн фестивалін ұйымдастырушылар оны көрермендермен бірге, тіпті онлайн өткізуден де бас тартқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT