Коронавирус пандемиясы кезінде еңбек еткен волонтерлер назардан тыс қалған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індеті өршіп тұрған кезде халыққа қол ұшын созған волонтерлер «Халық алғысы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індеті өршіп тұрған кезде біз адамдарға көмек керек екенін жақсы түсіндік. Сол себепті волонтерлік штабтарды біріктірдік. Алматыда волонтерлік штабқа ерікті түрде қосылған 50-ге жуық волонтер бар, олар қайтарымсыз негізде көмек көрсетті. Мұндай қиын-қыстау кезеңде мемлекеттен көмек күтпедік, себебі мемлекеттің қамқорлық танытатын саласы жетіп артылады», - дейді Қазақстанның еріктілер лигасы Алматы филиалының төрағасы Бағдат Анарбаева.

Оның айтуынша, қала әкімдігі волонтерлердің бастамасына қолдау білдірген.

«Волонтерлер өзгелерге көмектескен кезде өздеріне қауіп төндіріп алмас үшін қорғаныс құралдары, тегін көлік және тамақ берілді. Ең белсенді волонтерлер Елбасының, қала басшылығының алғыс хатымен марапатталды.сондай-ақ, «Халық алғысы» төсбелгісімен марапатталды, яғни назардан тыс қалған жоқ», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар