Коронавирус пандемиясы: Елорда тұрғындары мен бизнеске көмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індеті еліміздің экономикалық дамуына өзгертулер енгізді. Төтенше жағдай режимі жарияланған 2020 жылдың наурыз айында көптеген кәсіпкерлік нысаны жабылып, карантиндік шектеулер күшейтілді. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының даму қарқыны қандай болды және әлеумет пен бизнеске қандай көмек көрсетілді? ҚазАқпарат тілшісі осы мәселеге қатысты ақпарат ұсынады.

Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылы пандемияға байланысты енгізілген шектеулерге байланысты елорда аумағында 79 мың, яғни шағын және орта бизнестің шамамен 56% өз қызметін уақытша тоқтатты. Қалада шағын және орта бизнестің жалпы саны – 140 мыңға жуық.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылдады.

Ең көп зардап шеккен салалардағы кәсіпкерлік субъектілері салық пен бюджетке төлемдердің белгілі бір түрлерінен босатылды. Сонымен қатар, бизнес өкілдерінен коммуналдық меншікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысы алынып тасталды. Жалпы алғанда, бұл шаралар елорданың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне қатысты оң динамиканы сақтап қалуға мүмкіндік берді.

2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,3% өсіп, 920 млрд теңгеге жетті.

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,9% артып, 143 мың бірлікке жетті. Өндірілген өнім көлемі 3,8% өсіп, 2,7 трлн теңге болды (2020 жылдың І жартысы бойынша).

Негізгі капиталға салынған салымдар 1 трлн теңгені құрады, өсім 20,9% болған кезде құрылыс жұмыстарының көлемі 5,2%, яғни 482 млрд теңгеге дейін өсті.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 2,2 миллион шаршы метрді құрады. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 1,6 есе жоғары.

Әкімдіктің дағдарысқа қарсы шаралары

Дағдарысқа қарсы шаралар мен коронавируспен күреске бөлінген қаражат

Біріншіден, Нұр-Сұлтан әкімдігі жүзеге асырып отырған дағдарысқа қарсы шаралар кешені азаматтардың жұмыс орындары мен кірістерін сақтауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, өндіріс тізбектеріндегі жаңа тапсырыстарды ынталандыруға бағытталғанын айта кеткен жөн.

Осылайша, «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 52,8 миллиард теңгеге 298 жоба қолдау тапты.

Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес, әкімдік екінші деңгейлі банктермен бірге әлеуетті кәсіпкерлерді нақтылау және тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 149 жоба іске асырылды. 16,1 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде шамамен 8,2 мың адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке орналастырылды.

Бұл шаралар 29 мың жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 16,8 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлік субъектілері 21,1 мың жаңа вакансия ашты.

Шағын және орта бизнесті қолдау: салық жеңілдіктері бекітілді

Екіншіден, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 13 және 31 наурыздағы тапсырмаларына сәйкес қазақстандық бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешені аясында шағын және орта бизнес үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер заңды түрде бекітілді. Нұр-Сұлтан қаласында бұл қолдау шаралары мүлік салығы, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша 80 мыңға жуық салық төлеушіні қамтыды.

Коммуналдық меншікті пайдалану үшін 2020 жылғы 20 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында 418 келісімшарт бойынша жалпы сомасы 802,1 млн теңгеге жалдау ақысын есептеу тоқтатылды.

Экономиканың басым емес салаларында өз жобаларын жүзеге асыратын шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету мақсатында 2015 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп «Астана Бизнес» жергілікті бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде несиелер 8,5% аспайтын мөлшерлемемен беріледі, максималды сома салалық шектеусіз 100 млн теңге. Несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жыл. 2020 жылдың басынан бастап 1,2 млрд теңгеге 35 жоба қолдау тапты.

COVID-19-бен күрес

Үшіншіден, коронавирус пандемиясына қарсы тұру және ықтимал жаңа толқынға дайындалу үшін денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы күшейтілді:

210 төсектік модульді аурухананың құрылысы аяқталды;

тәулігіне 12 мыңнан астам сынақ өткізе алатын КВИ диагностикасы бойынша 21 ПТР-зертхананың жұмысы ұйымдастырылды;

тәулігіне 1440 зерттеу өткізе алатын 9 шағын зертхана іске қосылды;

ауруханалар 516 өкпені жасанды желдету аппаратымен, 33 рентген аппаратымен, 600-ден астам шығын флоуметрмен, 3 оттегі резервуарымен, 500-ден астам оттегі концентраттарымен, 1584 оттегі нүктелерімен, 1 оттегі рампасымен қамтамасыз етілді;

дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылды;

медицина қызметкерлеріне материалдық ынталандыру үшін үстемақы төленді.

Халықты әлеуметтік қолдау шаралары

Төртіншіден, Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде пандемия кезінде халықты қолдау жөніндегі барлық әлеуметтік міндеттемелер мен шаралар орындалды. 617 мыңнан астам адамға кірістерінен айырылуына байланысты 42 500 теңге төленді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының арасынан 209 мың адам 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алды.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Biz birgemiz» акциясы аясында «Нұр-Отан» партиясынан 50 446 мұқтаж адамға 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрады. Мұқтаж адамдардың 17 мыңнан астамында мүгедектігі болды. Еріктілер 17 мың адамға азық-түлік себеттерін жеткізді (жалғызілікті зейнеткерлер, елорданың мұқтаж азаматтары). Аз қамтылған 4,1 мың отбасыға 2,6 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5,3 мың балаға 240 млн теңгеге азық-түлік пакеттері ұсынылды.

47,8 мың мәселе бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 28,5 мыңнан астам адам «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында көмек алды (ақпараттық, кеңестік және ресурстық). «Жанұя» отбасы институты – қала тұрғындары мен мемлекеттік органдардың бірыңғай диалог алаңы болып саналады.

Бесіншіден, 2020 жыл икемді бюджет саясатын қажет етті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекет пен квазимемлекеттік сектор шығындарын азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нұр-Сұлтан әкімдігінің жергілікті бюджетін оңтайландыру 43 миллиардтан астам теңгені құрады. Босатылған қаражат әлеуметтік саланы қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға, экономикалық секторды, денсаулық сақтауды, білім беруді және тағы басқа салаларды дамытуға бағытталды.

Президент Жолдауына сәйкес бюджет шығындарының жалпы массасындағы әлеуметтік-бағдарланған компоненттің үлесі барынша артты.

Әлеуметтік саланы қаржыландыруға арналған шығындар 186,1 млрд теңгені немесе 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 24,7 млрд теңгеге өсіп, жергілікті бюджеттің жалпы көлемінің 56% құрады.

Абаттандыру, санитарлық тазарту, көгалдандыру және қоғамдық орындарды құру жұмыстары жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар