+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Коронавирус: Өзбекстандықтар шетелдіктердің визасының мерзімін ұзартып жатыр

2020 жылғы 18 наурыз 01:41
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Өзбекстандықтар шетелдіктердің визасының мерзімін ұзартып жатыр

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда жүрген шетел азаматтарының визалары автоматты түрде ұзартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан емделіп жатқан 199 адамның жағдайы нашар 660 науқас коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

Атап айтқанда, COVID-19 вирусының тарауына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты Өзбекстанда арнайы республикалық комиссия осыған дейін Өзбекстанда жүрген шетелдіктерге беріліп, олар өз елдеріне қайта алмай қалған жағдайда визаның мерзімін 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін автоматты түрде ұзарту жөнінде шешім қабылдады.

Бұған қоса Өзбекстанда осы елге визасыз кіре алатын азаматтарға 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін болуға рұқсат етілді. Сәйкесінше, осы санаттағы шетел азаматтарына әкімшілік шаралар қолданылмайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT