+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Коронавирус: Оралда науқас адам тұрған үйден карантин алынды

2020 жылғы 31 наурыз 16:33
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Оралда науқас адам тұрған үйден карантин алынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирус жұқтырған адам тұрған үйден карантин алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, науқас тұрған үйден 8 адам карантинге жатқызылып, 42-сі үйде оқшауланған еді.

Науқаспен тікелей қарым-қатынаста болған сегіз адамға қатысты коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест теріс нәтиже көрсеткендіктен, бүгін үйден карантинді алу жөнінде шешім қабылданды.

«Аталған көппәтерлі тұрғын үйдің барлық кіреберісіне дезинфекция жүргізілді. Дегенмен тұрғындар санитарлық талаптар мен жеке бас гигиеналарын сақтауға міндетті», деді Н.Мұстаев.

Ал коронавирус жұқтырған екінші әйел тұрған Ақсайдағы көп пәтерлі үй әлі де карантинде. Онда алты адам үйде оқшаулануда.

«Қазіргі кезде науқастардың екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, жағдайлары қалыпты. Облыста барлығы 93 адам карантинде жатыр. Оған қоса 792 адам үйлерінде оқшауланған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Нұрлыбек Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да карантиннен қашқан адамға айыппұл салынып, шектеу шаралары күшейтілгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT