Коронавирус Оңтүстік Африкада да тіркелді

КЕЙПТАУН. BBC - ҚазАқпарат – Оңтүстік Африкада коронавируспен байланысты бірінші жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News. агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа вирус жұбайымен бірге Италияға барып келген 38 жастағы азаматтан анықталды.
Осылайша, Африка құрлығында коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Алжирде – 17 адам, одан кейін Сенегалда – 4 адам.
Оңтүстік Африка елінің Денсаулық сақтау министрі Цвели Мхизенің сөзінше, екі баласы бар оңтүстікафрикалық жұп 1 наурыз күні Италиядан оралған 10 адамнан тұратын топтың мүшесі болған. Қазіргі таңда вирус жұқтырған адам мен оны қараған дәрігер оқшауландырылды, деді министр.
Оның сөзінше, вирус жұқтырған дәрігермен байланысты болған адамдарды анықтау үшін елдің шығыс бөлігіндегі провинция Квазулу-Наталға арнайы топ жөнелтілді.
Қазіргі таңда әлем бойынша АИТВ індетінің орталығы саналатын Оңтүстік Африкада миллиондаған адамдардың иммундық жүйесі әлсіреген. Бұл жағдай олардың жаңа вирусқа қарсы тұруына кері әсерін тигізері анық. Африкада қазір осындай алаңдаушылық бар.
BBC News сонымен қатар Жапонияда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылған екі оңтүстікафрикалық азаматтың сауығып, жақында үйлеріне қайтатынын хабарлады. Олар өздері жұмыс істейтін Diamond Princess круиздік лайнерінен түскеннен кейін бақылауға алынған.
Айта кетейік, аталмыш кеменің бортындағы адамдар Гонконгтен түсіп қалған жолаушылардың бірінен коронавирус анықталған соң ғана, яғни алғаш рет қаңтар айынан бастап карантинге жатқызыла бастады.
Оңтүстік Африка үкіметі Қытайдың Ухань қаласынан өздерінің азаматтарын қайтарып алғылары келетінін мәлімдеген болатын.
«Қытайдан барлығы 185 оңтүстікафрикалық азамат елге қайтуға ниет білдеріп отыр»,-делінген үкіметің мәлімдемесінде.
- Бағдад қаласының орталығында жарылыс болды
- Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
- 4 кеншінің өлімі: Жұмыс берушілердің кінәсі дәлелденді
- Дәрі-дәрмектің шекті бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолданылуда – ҚР ДСМ
-
COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор
-
Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам