Коронавирус: Нұр-Сұлтанмен қатар 6 облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 22 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Ал «сары» аймақта Қарағанды, Алматы облысы мен Алматы қаласы бар.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.


Соңғы жаңалықтар