+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Коронавирус: Нұр-Сұлтанда төрт науқастың жағдайы ауыр

2020 жылғы 26 наурыз 18:33
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Нұр-Сұлтанда төрт науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус инфекциясымен тіркелген соңғы 20 науқас туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды Карантин кезінде мүгедектікті айқындау қалай жүзеге аспақ COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

«20 науқастың 14-і — стационарлық емдеуде жатқан науқастар. Олардың бір бөлігі өкпе қабынуы күдігімен ЖРВИ белгілерімен және дене қызуымен ауруханаға түскен. Екінші бір бөлігі – 24-25 наурызда коронавирустық инфекция анықталған адамдармен жақын байланыста болғаны үшін тексеруге алынғандар. Сонымен бірге, науқастар арасында өзге елдерден ұшып келіп, оқшауланған адамдар да бар», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, 6 жағдай Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында жүргізілген мониторинг барысында тіркелген.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 61 адамнан коронавирустық инфекция табылып, стационарда жатыр. Төрт науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Олардың өкпе қабынуы расталды және тыныс жетіспеушілігі бар. Коронавирустық инфекция бойынша хаттамаға сәйкес ем-дом алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағым жоқ, дене қызуы қалыпты», - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 40 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT