Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 95 адам жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма басшысының сөзінше, елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.
Қала инфекция жұқтыру бойынша әлі де «қызыл аймақта». Орта есеппен КВИ-мен күнделікті 430 жаңа жағдай тіркеліп отыр. Ол былтырғы шілде айына қарағанда көбірек.
«Елордада коронавируспен ауыратындарды емдеу үшін 14 аурухана тартылды. Аталған ауруханаларда 1 889 төсек-орын бар. Бүгінгі күні 985 науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Оның ішінде коронавирус 901 адамда расталған және 84 адам пневмониямен ем қабылдауда. Жансақтау бөлімінде 95 адам, оның 21 жасанды өкпе желдету аппаратында жатыр. Сонымен қатар 4 мыңға жуық адам үйде амбулаторлы ем қабылдауда, - дейді Тимур Мұратов.
- БҚО-дағы ауылда карантин күшейтіліп, санпостар қойылды
- Су тасқыны: Елорда іргесіндегі Қоянды кентіндегі жағдай тұрақтанды
- QazCovid-in жасаған ғалым: Біз вакцинаның зиянсыз екеніне кепілдік бере аламыз
- Коронавирус: Алматы облысының тұрғындары екпені Алматы қаласында жасата алады
-
Маңғыстау облысына «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
-
Алматының сауда, ойын-сауық орталықтарында 55 адам вакциналанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам