Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 12 науқас ауыр халде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 науқас ауыр халде жатыр, оның төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді.

«Қазіргі уақытта Елордада инфекция жұқтырғандар саны 264 адамға жетті. Оның 48% - ер, 52% - әйелдер. Оның 25% немесе 63 науқас емделіп шықты. Әсіресе, жазылғандар арасында 2 бала және 60 жастан асқан 4 адам, 80 жастағы азаматша бар», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасындағы брифингте.

Сонымен қатар, 12 науқас ауыр халде, оның 4 өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Бекітілген хаттамаға сәйкес, науқастарға тиісті ем-дом жүргізілуде. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты», - деді Сәуле Қисықова.

Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адам туралы айтып берген еді.

9-13 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 4 766 адамға экспресс- тестілеу жүргізіліп, 61 адам ауруханаға жатқызылған .

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 1179 науқас тіркелді.



Соңғы жаңалықтар