Коронавирус: Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақта қалып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 18 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қалып отыр.

«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді.


Соңғы жаңалықтар