+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Коронавирус Норвегияға жетті

2020 жылғы 27 ақпан 08:21
Бөлісіңіз:
Коронавирус Норвегияға жетті

ОСЛО. ҚазАқпарат – Норвегияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Шымкент тұрғыны кешірім сұрады СҚО-да коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы жоспар әзірленді Коронавирус: Қарағанды денсаулық сақтау басқармасы маскалар тапшылығына қатысты түсініктеме берді

Оны 26 ақпан күні кешке елдің денсаулық сақтау министрі Бент Хойе растаған болатын. Вирус жұқтырған пациент - Норвегияның солтүстігінде орналасқан Тромсё қаласының тұрғыны. Келіншек демалыс күндері Қытайдан оралған.

«Жеке тексеруден кейін сынама алынды, оның біріншісі теріс нәтиже көрсетті, бірақ соңғысы аз мөлшерде оң нәтиже көрсетті», - деді Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау (FHI) департаментінің өкілі Лайн Волд Ослода өткен шұғыл баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған әйел үй жағдайындағы карантинге жіберілген, оның жағдайы жеңіл ауру ретінде бағаланды.

Департамент өкілдері оның басқа адамдарға жұқтыру ықтималдығы төмен екенін атап өте отырып, келіншектің Норвегияға келгеннен кейін байланыста болған адамдарын анықтауда.

Сондай-ақ Л.Волд инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары болса, олар да шұғыл карантинге жіберілетінін айтты.


Автор: Ілияс Омаров


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT