Коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар бар - ДДҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ДДҰ тестілеудің қысқаруына байланысты коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Соңғы аптада COVID-19 оқиғаларының саны ДДҰ-ның алты аймағының төртеуінде күрт өсті», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс.

Осы орайда, коронавирустың мутациялануын бағалаудағы қиындық туралы айтты.

«Тестілеу мен жүйеліліктің төмендеуіне байланысты көптеген елдерде вирустың қайда және қалай өзгеретінін анықтау қиынға соғады», - деді ол.

ВАК таратқан мәліметке сәйкес, ол КХДР мен Эритрея мемлекетінде вакцинация науқаны басталмағанына алаңдаушылық білдірген.

Айта кетсек, Малайзияда бір тәулікте 1469 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды.

Ал, Израиль елге кірер алдында ПТР тапсыру талабын алып тастады.


Соңғы жаңалықтар