Коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров COVID-19 – коронавирустың мутацияға ұшыруы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық және қазақстандық эпидемиологтардың бағалауынша, коронавируста циркуляция болады. Сонымен қатар коронавирустың бұл түрі мутацияланатындай сипатқа ие. Яғни қандай да бір мутацияға ұшырауы мүмкін», - деді Дамир Көпжасаров онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сонымен қатар коронавирусты алдын алудың негізгі кезеңдері туралы да айтып берді.

«Коронавирустың алдын алудың кезеңдеріне келер болсақ, бірінші кезең – сыртқы қадағалау, екіншісі – ішкі қадағалау болса, үшіншісі – карантин шаралары. COVID-19 – коронавирустың жаңа штаммы. Оның тобы көп. Алайда дәл осы COVID-19 түрі бірінші рет тіркеліп отыр. Сол себепті дәл осы инфекцияны алдын алудың бірден-бір жолы – карантин шаралары. Дәл қазіргі уақытта карантин шаралары осы індеттен бізді сақтандырады», - деді спикер.

Орталық директоры сондай-ақ Қазақстандағы шектеу шараларының арқасында вирусты жаппай жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлім етті.

«Инфекция таралу барысы бақылауда. Эпидемиологиялық қадағалау жүйесі мен мен СЭҚ инфекцияны қадағалап отыр. Төртінші кезең – карантиннен кейінгі уақыт болмақ. Оның негізінде біз эпидемиологиялық ахуалға байланысты шектеу шараларын біртіндеп ала бастаймыз. Карантиннен кейінгі кезеңде халықтың белгілі бір тобының ішінен жұқтыру жағдайларын анықтауға бағытталады. Тестілеуден өткізуден бас тартпаймыз. Жұқтырған жағдайлар анықталады. Себебі жұқтырғандардың 60 пайызы ауруға шалдыққандарын сезбейді де. Міне Қазақстан осы төрт кезең бойынша вирус қаупін тосқауыл қоюға күш салады», - деді Дамир Көпжасаров.


Соңғы жаңалықтар